Loading...
Ауызша аударма 2018-05-29T15:27:08+00:00

«ADV Translations» мамандары тілдің жай-жақсарын түсінеді, сөздердің мағынасын дәлдікпен аударады және идиомаларды мұқият қадағалап отырады.

Біздің аударма компаниямыз Сізге ауызша аударма қызметтерін көрсетуге, сондай-ақ ауызша аударманы жасау барысында қатаң құпиялылық пен іскерлік этиканы сақтай отырып, алға қойылған міндетті жете ұғынатын, үлкен практикалық жұмыс тәжірибесі бар дипломды аудармашыларды ұсынуға дайын.

Әрбір нақты жағдайда, өтінім негізінде біз тапсырыс беруші үшін жеке ұсыныс қалыптастырамыз. Ауызша аударма барынша дәйекті және сапалы болуы үшін, мұндай қызметке – тұспалданған іс-шараның алдында ертерек тапсырыс берген жөн, өйткені ауызша аудармашының жұмысына қойылатын талап-тілектер өзгешеленуі мүмкін. Аудармашы істің бүкіл жай-жапсарын ұғынуы үшін, оның материалдармен танысып шығуы маңызды.

Ауызша аударма қызметі қандай жағдайларда қажет етілуі мүмкін:

Біз сізге келесі бағыттарда ауызша аударма бойынша маманның кәсіби қызметтерін ұсынуға дайынбыз:

  • Іскерлік кездесулер өткізу.

  • Көрмелер, симпозиумдар, семинарлар өткізу.

  • Іскерлік кездесулер үшін шетелдік қонақтар мен әріптестерді қабылдау.

Ауызша аударманың бірнеше түрі болуы мүмкін.

Біз ауызша аударманың құнын – мамандарымызға жүктелетін аудармалардың түріне қарай белгілейміз. Ауызша аударманың келесі түрлері бар:

  • Ілеспе ауызша аударма.

  • Бірізді ауызша аударма.

Біздің аудармашылар – тәжірибе мен білімнің үлкен қорын иемденетін жоғары білікті және дипломды мамандар. Алматыда және Қазақстанның облыстарында ауызша аударма қызметтерін көрсетумен қатар, біз әлемнің кез-келген нүктесінде көшпелі іс-шаралар үшін мамандарымызды ұсына аламыз. Сіз әртүрлі тіл жұптары бойынша, ерекшеліктерінің ескерілуімен өнеркәсіптік конференция немесе халықаралық келіссөздер секілді кез-келген іс-шара шеңберінде сапалы ауызша аудармаға қол жеткізесіз.

Аудармаға тапсырыс беру

Ауызша бірізді аударма

Аса жоғары сұранысқа ие болып отырған қызмет. Бірізді аударма іскерлік кездесулерде, конференцияларда, ресми келіссөздерде, шетелдік азаматтарды алып жүру кезінде қолданылады. Ауызша аударма – аудару кезінде сұхбаттасты әрбір адам жеткілікті деңгейде түсіне алуы үшін, қатысушылардың арасындағы пікірталастар арасындағы үзілістер мен кідірістер кезінде жүзеге асырылады.

Ауызша аударма шұғыл түрде қажет етілуі мүмкін болатын заманауи уақыт серпіні мен бинес-үдерістердің күрделілігін ескерумен «ADV Translations» компаниясы жеткілікті ресурстар мен тәжірибені иемдене отырып шұғыл ауызша аударма жасауға жәрдемдесуге дайын.

Ілеспе аударма

Аса күрделі ауызша аударма ілеспе аударма болып табылады, ол аудармашыдан ерекше қабілет пен машықтарды, сондай-ақ белгілі техникалық жабдықтың болуын қажет етеді. Мұндай жағдайда аудармашы арнайы үй-жайда — техникалық аппаратурасы бар кабинада орналасады, бұл кабина сөз сөйлеушіні анық естуге және сөз сөйлеушінің айналасындағы адамдарға құлаққап арқылы аударманы кері байланыспен жеткізуге мүмкіндік береді.

Ауызша аудармашының негізгі міндеті – барынша үйлесімдік, яғни сөз сөйлеушінің сөздері мен аудармашының арасындағы кідірісті болдырмауға талпыну болып табылады.

«ADV Translations» компаниясы жұмыстардың тиісті сапасы мен мерзімдерін сақтай отырып, орыс тілінен ағылшын тіліне және ағылшын тілінен орыс тіліне іскерлік-техникалық және заңи құжаттарды аударуға арналған өтінімдер бойынша жұмыстың орындалуын қамтамасыз етті. «ADV Translations» компаниясы тапсырыс берушінің талаптарын және жұмыстарды орындау мерзімдерін әрдайым сақтайды.

Kausar Holding

Аудармаға арналған өтінімдер тиісті жолмен және өз мерзімінде өңделеді. Өтінімдердің басым көпшілігі шұғыл болатынын ескеретін болсақ, компания қызметкерлерінің арқасында қызмет көрсету жоғары кәсіби деңгейде орындалады. Біз мамандары мен көпжылдық тәжірибесі бар «ADV Translations» компаниясын сенімді әріптес ретінде ұсына аламыз.

Казгермунай

Біраз уақыт бұрын «ADV Translations» компаниясы біздің банктегі бірнеше бос жайғасымды толтырды — әкімшілеу, қаржы және АТ саласында. Жоғарыда аталған өтінімдер аса қысқа мерзімде және кәсіби деңгейде өңделді. Біздің банк «ADV Translations» компаниясымен ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті және оның рекрутинг саласындағы қызметтерін пайдалануға кеңес береді.

National Bank of Pakistan

«Circle Maritime Invest» АҚ 2012 жылдан бері «ADV Translations» компаниясының аударма саласындағы қызметтерін пайдаланып келеді. Қызметтер техникалық, заңи, қаржылық, іскерлік құжаттаманы сан-алуан тілдерден аударуды қамтиды. Аударуға арналған өтінімдер тиісті жолмен және өз мерзімінде өңделеді. Агенттік қызметкерлері АҚ басшылығына, соның ішінде Директорлар кеңесіне арналған материалдардың тиісті жолмен дайындалуы мен аударылуын қамтамасыз етеді. Біз «ADV Translations» компаниясын сенімді әріптес ретінде ұсына аламыз.

Circle Maritime Invest

Бізге сенім білдіреді

«ADV Translations» аударма бюросы әртүрлі тілдерде сөйлейтін көп тыңдаушылары бар әртүрлі іс-шараларда ілеспе аударма жасау үшін аудармашыларды ұсына алады. Бұл – халықаралық форумдар, ірі жобалар және кездесулер болуы мүмкін.

Аудармаға тапсырыс беруге дайынсыз ба?

Өтінім рәсімдеу

Қызметтердің құны

Біз қызметтердің құнын әр клиент үшін әрбір тапсырма бойынша жеке-жеке бағалаймыз. Аудармалардың сапасы біздің жұмысымызға ғана емес, сонымен қатар қызметтердің тиімді бағасына риза болған клиенттеріміздің оң пікірлерімен расталады. Аударманың ең төмен құны 1500 теңгеден басталады.

ADV Translations

«ADV Translations» аударма бюросы аударма қызметтерінің кең ауқымына баса назар аударады және өз клиенттеріне кешенді кәсіби лингвистикалық сүйемелдеуді ұсынады.

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Төле би көшесі 83,
«Амбассадор» БО

Phone: +7(727) 2292811

Mobile: +7(777)0128800

Web: ADV Translations аударма бюросы