Loading...
Аударманы редакциялау және түзету 2018-05-29T15:25:49+00:00

«ADV Translations» аударма бюросында орындалған аудармалар мәтінді тегін редакциялауды және түзетуді қамтиды.

Көптеген адамдар аударылған материалды кейіннен өңдеуге мән бермейді, олар аударманы редакциялау және түзету – міндетті емес тапсырма немесе бұл екеуі бір ұғымға келіп саяды деп ойлайды.

Бұл – редакциялау мен түзету жұмысы барысында енгізілген түзетулердің есебінен аударылған материалдың сапасын және оның мазмұнын жақсартатын кешенді рәсім. Материал әуел баста – аударылған тілде жасалғандай оңай қабылдануы үшін, сондай-ақ тыңдаушылар мәтінмен аудармашының жұмыс жасағанын сезбеуі үшін, аударманы редакциялау және түзету қажет. Егер аударылатын материал – аударылып жатқан тілде сөйлейтін көптеген тыңдаушылардың арасында таратуға бағытталған болса, бұл – ерекше маңызға ие болады.

Біздің бюрода аударманы редакциялау және түзету дегеніміз:

  • Терминдер мен мәндерінің дұрыс аударылуын тексеру.

  • Аударма тақырыбы мен бағытының ескерілуімен аударманы сарапшылық бағалау.

  • Орфография мен пунктуацияны тексеру.

  • Қайталануларды тексеру және оларды синонимдарына ауыстыра отырып жою.

  • Мәтіндегі қате басылуларды тексеру.

Егер басқа агенттікте аударылған материалға кәсіби тәсілдеме қажет етілсе, аударманы редакциялау және түзету қызметіне бөлек тапсырыс беруге болады.

Аударманы редакциялаудың түзетуден айырмашылығы

Мәтінді редакторлық түзету – іс жүзіндегі, мағыналық, терминологиялық және басқа дәлсіздіктер мен сәйкессіздіктерді түзетудің есебінен мәтін сапасының жақсартылуын және аударманың қабылдануын тұспалдайды. Қарапайым тілмен айтқанда, бұл – материалдағы әрбір терминнің сәйкестігін талдау барысында терминологиясын салыстырып тексеру.

Аударылған мәтінді редакциялаған кезде, мәтіннің бір бөлігі едәуір қысқартылуы мүмкін болатын жағдайлар жиі кездеседі. Біздің редакторлар мәтінді қысқартқан кезде бүкіл идеялық-мазмұндық бөлігін сақтау үшін жеткілікті тәжірибені иемденеді.

Аудармаға тапсырыс беру

Аудару кезінде мәтінді түзету деген не?

Мәтінді түзету – мәтінді теру және оны редакциялау кезінде жол берілген әртүрлі кемшіліктер мен қателіктер жойылатын жұмыс сатысы. Бұл дегеніміз – грамматикалық, пунктуациялық және орфографиялық қателерді түзету. Түзету кезінде әртүрлі атаулар мен сандардың рәсімделуіне және дұрыс жазылуына қойылатын талаптарға мәтіннің сәйкестігі тексеріледі.

Түзету редакциялау үдерісінің құрамдас бөлігі болып табылады және мәтінді редациялаудан кейін жиі қолданылады. Түзету барысында терминологиясы өзгертілмейді, мәтіннің құрылымы түпнұсқасымен бірдей болады.

«ADV Translations» компаниясы жұмыстардың тиісті сапасы мен мерзімдерін сақтай отырып, орыс тілінен ағылшын тіліне және ағылшын тілінен орыс тіліне іскерлік-техникалық және заңи құжаттарды аударуға арналған өтінімдер бойынша жұмыстың орындалуын қамтамасыз етті. «ADV Translations» компаниясы тапсырыс берушінің талаптарын және жұмыстарды орындау мерзімдерін әрдайым сақтайды.

Kausar Holding

Аудармаға арналған өтінімдер тиісті жолмен және өз мерзімінде өңделеді. Өтінімдердің басым көпшілігі шұғыл болатынын ескеретін болсақ, компания қызметкерлерінің арқасында қызмет көрсету жоғары кәсіби деңгейде орындалады. Біз мамандары мен көпжылдық тәжірибесі бар «ADV Translations» компаниясын сенімді әріптес ретінде ұсына аламыз.

Казгермунай

Біраз уақыт бұрын «ADV Translations» компаниясы біздің банктегі бірнеше бос жайғасымды толтырды — әкімшілеу, қаржы және АТ саласында. Жоғарыда аталған өтінімдер аса қысқа мерзімде және кәсіби деңгейде өңделді. Біздің банк «ADV Translations» компаниясымен ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті және оның рекрутинг саласындағы қызметтерін пайдалануға кеңес береді.

National Bank of Pakistan

«Circle Maritime Invest» АҚ 2012 жылдан бері «ADV Translations» компаниясының аударма саласындағы қызметтерін пайдаланып келеді. Қызметтер техникалық, заңи, қаржылық, іскерлік құжаттаманы сан-алуан тілдерден аударуды қамтиды. Аударуға арналған өтінімдер тиісті жолмен және өз мерзімінде өңделеді. Агенттік қызметкерлері АҚ басшылығына, соның ішінде Директорлар кеңесіне арналған материалдардың тиісті жолмен дайындалуы мен аударылуын қамтамасыз етеді. Біз «ADV Translations» компаниясын сенімді әріптес ретінде ұсына аламыз.

Circle Maritime Invest

Бізге сенім білдіреді

Егер сізге аударылатын тілде сөйлейтін елге аса бейімделген сауатты, логикалық, жарасымды және дұрыс құрылымдалған мәтін қажет болса, сондай-ақ аударылған материалда әртүрлі қателердің жоқ екеніне сенімді болғыңыз келсе, онда «ADV Translations» компаниясының аударманы редакциялау қызметін пайдаланыңыз.

Аудармаға тапсырыс беруге дайынсыз ба?

Өтінім рәсімдеу

Қызметтердің құны

Біз қызметтердің құнын әр клиент үшін әрбір тапсырма бойынша жеке-жеке бағалаймыз. Аудармалардың сапасы біздің жұмысымызға ғана емес, сонымен қатар қызметтердің тиімді бағасына риза болған клиенттеріміздің оң пікірлерімен расталады. Аударманың ең төмен құны 1500 теңгеден басталады.

ADV Translations

«ADV Translations» аударма бюросы аударма қызметтерінің кең ауқымына баса назар аударады және өз клиенттеріне кешенді кәсіби лингвистикалық сүйемелдеуді ұсынады.

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Төле би көшесі 83,
«Амбассадор» БО

Phone: +7(727) 2292811

Mobile: +7(777)0128800

Web: ADV Translations аударма бюросы