Loading...
Нотариалдық куәландырумен аудару 2018-05-29T15:24:27+00:00

Алматы қаласында нотариалдық куәландырумен аудару немесе нотариалдық аудармалар

Еліміздің іскерлік инфрақұрылымының дамуына байланысты, компаниямыздағы сұранысқа ие болған қызметтерінің бірі. Нотариалдық аудармаға деген қажеттілік жеке және заңды тұлғалардың әртүрлі құжаттарды біздің еліміздегі және өзге елдердегі басқару органдарына ұсыну қажеттілігімен байланысты, жергілікті компаниялардың шетелдік әріптестермен бизнес-ынтымақтасуы барысында, шетелдік жоғары оқу орындарына, елшілікке құжаттар тапсыру барысында туындайды.

Шетелдік құжаттармен жұмыс жасаған кезде немесе құжаттарды шетелге ұсыну қажет болған кезде аударманың дұрыстығына және әрбір сөздің түпнұсқамен сәйкестігіне қатысты толық сенімділік қажет етіледі. Мұндай аударма нотариуспен қосымша куәландырылған жағдайда ғана кепілденген дәл аударма болып есептелуі мүмкін.

Құжаттарды нотариалдық куәландырумен кәсіби аудару

«ADV Translations» аударма бюросы Алматыда құжаттарды нотариалдық куәландырумен аударуды жүзеге асырады және ол келесілерді қамтиды:

  • Әлемнің көптеген тілдеріне аударылуымен, бастапқы мәтіннің дәлме-дәл берілуі.

  • Аударманы кәсіби беделі тұрақты нотариуста кейіннен куәландыру

Біздің аударма компаниясына жүгінген кезде біз сізге тапсырыстың өз мерзімінде орындалатынына және құжаттардың сапасына кепілдік береміз, аударма нотариалдық куәландырудан өткен жағдайда тиісті заңды күшке ие болады. Біз аударылған құжаттың заңдылығына кепілдік береміз.

Нотариалдық куәландырумен аударудың ерекшеліктері

Аудармашы аударылатын құжаттарды өз қолтаңбасымен бекітеді, нотариус мұндай қолтаңбаның түпнұсқалылығын куәландырады. Аударма міндетті түрде құжаттың түпнұсқасымен, көшірмесімен немесе нотариалдық жолмен куәландырылған көшірмесімен қосып тігіледі.

Аударылған мәтіннің түпнұсқамен сәйкестігін ресми растаумен қатар, кейбір құжаттар үшін сондай-ақ заңдастыру немесе апостиль қажет етілуі мүмкін.

Аудармаға тапсырыс беру

Нотариалдық аудару кезіндегі құжаттама

Біздің аударма бюросының мамандары ресми құжаттаманың сан-алуан түрлерімен жұмыс жасайды:

  • Дипломдарды аудару және нотариалдық куәландыру.

  • Жеке куәліктер мен төлқұжаттарды, соның ішінде шетелдік құжаттарды аудару және нотариалдық куәландыру.

  • Еңбек кітапшасын, жұмыс орнынан анықтамалар мен куәліктерді аудару және нотариалдық куәландыру.

  • Мәмілелер мен әртүрлі келісімшарттарды аудару және нотариалдық куәландыру.

Нотариалдық аудару барысындағы талаптар

Нотариалдық куәландыру үшін қандай негізгі талаптар қолданылады:

  • Аударма бланкінде барлық қажетті атрибуттар: мөрлер мен қолтаңбалар, шығыс нөмірлері және т.б. болуы тиіс.

  • Аударманың мәтіні қысқаша баяндалуы тиіс, онда күрделі құрастырылымдар мен сипаттамалық екіұшты мәндер болмауы тиіс.

  • Нотариалдық куәландыруға арналған аударманың мәтіні барынша жинақы болуы тиіс, онда түзетілген жерлер, түзетулер, сызылған жерлер және осыған ұқсас бөгеуілдер болмауы тиіс.

«ADV Translations» компаниясы жұмыстардың тиісті сапасы мен мерзімдерін сақтай отырып, орыс тілінен ағылшын тіліне және ағылшын тілінен орыс тіліне іскерлік-техникалық және заңи құжаттарды аударуға арналған өтінімдер бойынша жұмыстың орындалуын қамтамасыз етті. «ADV Translations» компаниясы тапсырыс берушінің талаптарын және жұмыстарды орындау мерзімдерін әрдайым сақтайды.

Kausar Holding

Аудармаға арналған өтінімдер тиісті жолмен және өз мерзімінде өңделеді. Өтінімдердің басым көпшілігі шұғыл болатынын ескеретін болсақ, компания қызметкерлерінің арқасында қызмет көрсету жоғары кәсіби деңгейде орындалады. Біз мамандары мен көпжылдық тәжірибесі бар «ADV Translations» компаниясын сенімді әріптес ретінде ұсына аламыз.

Казгермунай

Біраз уақыт бұрын «ADV Translations» компаниясы біздің банктегі бірнеше бос жайғасымды толтырды — әкімшілеу, қаржы және АТ саласында. Жоғарыда аталған өтінімдер аса қысқа мерзімде және кәсіби деңгейде өңделді. Біздің банк «ADV Translations» компаниясымен ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті және оның рекрутинг саласындағы қызметтерін пайдалануға кеңес береді.

National Bank of Pakistan

«Circle Maritime Invest» АҚ 2012 жылдан бері «ADV Translations» компаниясының аударма саласындағы қызметтерін пайдаланып келеді. Қызметтер техникалық, заңи, қаржылық, іскерлік құжаттаманы сан-алуан тілдерден аударуды қамтиды. Аударуға арналған өтінімдер тиісті жолмен және өз мерзімінде өңделеді. Агенттік қызметкерлері АҚ басшылығына, соның ішінде Директорлар кеңесіне арналған материалдардың тиісті жолмен дайындалуы мен аударылуын қамтамасыз етеді. Біз «ADV Translations» компаниясын сенімді әріптес ретінде ұсына аламыз.

Circle Maritime Invest

Бізге сенім білдіреді

Аударманы нотариалдық куәландыру тапсырыс берушінің жеке қатысуын қажет етпейді. Нотариус иесінің жеке басын сәйкестендірмейді, ол аудармашының қолтаңбасын ғана куәландырады.

Аудармаға тапсырыс беруге дайынсыз ба?

Өтінім рәсімдеу

Қызметтердің құны

Біз қызметтердің құнын әр клиент үшін әрбір тапсырма бойынша жеке-жеке бағалаймыз. Аудармалардың сапасы біздің жұмысымызға ғана емес, сонымен қатар қызметтердің тиімді бағасына риза болған клиенттеріміздің оң пікірлерімен расталады. Аударманың ең төмен құны 1500 теңгеден басталады.

ADV Translations

«ADV Translations» аударма бюросы аударма қызметтерінің кең ауқымына баса назар аударады және өз клиенттеріне кешенді кәсіби лингвистикалық сүйемелдеуді ұсынады.

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Төле би көшесі 83,
«Амбассадор» БО

Phone: +7(727) 2292811

Mobile: +7(777)0128800

Web: ADV Translations аударма бюросы