Loading...
Құжаттарды заңдастыру және апостильдеу 2018-05-29T15:23:06+00:00

«ADV Translations» компаниясы ұсынған апостильмен бірге құжаттарды нотариалдық аудару.

Қазақстанда берілген құжаттардың заңды күші болуы үшін және оларды шетелде падйалану мүмкін болуы үшін келесі рәсімдердің бірінен өту қажет:

  • Құжаттарды заңдастыру.

  • Құжаттарды апостильдеу.

«ADV Translations» аударма бюросы Алматыда апостильмен құжаттарды аудару қызметін ұсынады. Біз компанияда аударылатын құжаттардың сапасына ерекше мән береміз және 10 жылдан астам уақыт бойы қол жеткізген беделімізді мақтан тұтамыз. Заңи тақырыптамадағы жобаларды аудару үшін біздің штатымызда қаржы, бизнес және халықаралық құқық саласындағы аудару тәжірибесін иемденетін кәсіпқойлар бар.

Апостиль деген не?

Апостиль – құжаттарды заңдастырудың оңайлатылған рәсімі болып табылады. Апостиль Гаага конвенциясына кіретін елдердің барлығы үшін жарамды және әмбебап болып табылады. Қолданылу мерзімі шектеулі құжаттарды қоспағанда (әртүрлі анықтамалар, тұжырымдар) апостиль мөртабанының жарамдылық мерзімі болмайды.

Егер қарапайым сөзбен айтар болсақ, апостиль құжатқа қол қойған тұлғаның лауазымы мен қолтаңбасының түпнұсқалылығын, сондай-ақ мөрлер мен мөртабандардың түпнұсқалылығын куәландырады. Кейбір жағдайларда нотариалдық куәландырылған аударма қажет етілуі мүмкін.

Құжаттарды толығымен заңдастыру

Заңдастырудың оңайлатылған әдісі (апостиль) Гаага конвенциясына кірмейтін елдер үшін құжаттар рәсімдеген жағдайда жарамайды. Мұндай жағдайда құжаттар барынша толық рәсімнен өтуі тиіс:

  • Құжаттардың көшірмелерін нотариалдық куәландыру.

  • Құжаттарды тағайындалған елінің ресми тіліне аудару.

  • Аударманың және аудармашы қолтаңбасының түпнұсқалылығын нотариалдық куәландыру.

  • Құжаттарды әртүрлі министрліктерге ұсыну.

  • Құжаттарды елдің консулдығына ұсыну.

Жоғарыда сипатталған кезеңдердің барлығынан өткен жағдайда құжат толығымен заңдастырылған болып есептеледі.

Аудармаға тапсырыс беру

Алматы қаласында құжаттарды заңдастыру

Біздің аударма бюросы күрделілік деңгейі жоғары «Алматы қаласында құжаттарды заңдастыру» қызметін ұсынады және осы салада маманданады.

Егер сізге құжаттарды (жеке немесе коммерциялық) заңдастыру қажет болса және Алматыдағы апостильдің құнын білгіңіз келсе, біздің мамандардың кеңесіне жүгініңіз, олар сізге шет елдер үшін құжаттарыңызды дайындаудың бүкіл қыр-сырын сауатты түрде түсіндіреді.

«ADV Translations» компаниясы жұмыстардың тиісті сапасы мен мерзімдерін сақтай отырып, орыс тілінен ағылшын тіліне және ағылшын тілінен орыс тіліне іскерлік-техникалық және заңи құжаттарды аударуға арналған өтінімдер бойынша жұмыстың орындалуын қамтамасыз етті. «ADV Translations» компаниясы тапсырыс берушінің талаптарын және жұмыстарды орындау мерзімдерін әрдайым сақтайды.

Kausar Holding

Аудармаға арналған өтінімдер тиісті жолмен және өз мерзімінде өңделеді. Өтінімдердің басым көпшілігі шұғыл болатынын ескеретін болсақ, компания қызметкерлерінің арқасында қызмет көрсету жоғары кәсіби деңгейде орындалады. Біз мамандары мен көпжылдық тәжірибесі бар «ADV Translations» компаниясын сенімді әріптес ретінде ұсына аламыз.

Казгермунай

Біраз уақыт бұрын «ADV Translations» компаниясы біздің банктегі бірнеше бос жайғасымды толтырды — әкімшілеу, қаржы және АТ саласында. Жоғарыда аталған өтінімдер аса қысқа мерзімде және кәсіби деңгейде өңделді. Біздің банк «ADV Translations» компаниясымен ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті және оның рекрутинг саласындағы қызметтерін пайдалануға кеңес береді.

National Bank of Pakistan

«Circle Maritime Invest» АҚ 2012 жылдан бері «ADV Translations» компаниясының аударма саласындағы қызметтерін пайдаланып келеді. Қызметтер техникалық, заңи, қаржылық, іскерлік құжаттаманы сан-алуан тілдерден аударуды қамтиды. Аударуға арналған өтінімдер тиісті жолмен және өз мерзімінде өңделеді. Агенттік қызметкерлері АҚ басшылығына, соның ішінде Директорлар кеңесіне арналған материалдардың тиісті жолмен дайындалуы мен аударылуын қамтамасыз етеді. Біз «ADV Translations» компаниясын сенімді әріптес ретінде ұсына аламыз.

Circle Maritime Invest

Бізге сенім білдіреді.

Алматы қаласында құжаттарды заңдастыру және апостильдеу үшін бізге жүгінетін болсаңыз, біз сіздің уақытыңызды үнемдей отырып сізді көптеген анықтамалар жинаудан босатамыз, сіз кәсіби кеңес пен аудармаға қол жеткізесіз, сондай-ақ дайын құжаттың заңдылығы мен заңды күшіне деген сенімділігіңіз жоғары болады.

Аудармаға тапсырыс беруге дайынсыз ба?

Өтінім рәсімдеу

Қызметтердің құны

Біз қызметтердің құнын әр клиент үшін әрбір тапсырма бойынша жеке-жеке бағалаймыз. Аудармалардың сапасы біздің жұмысымызға ғана емес, сонымен қатар қызметтердің тиімді бағасына риза болған клиенттеріміздің оң пікірлерімен расталады. Аударманың ең төмен құны 1500 теңгеден басталады.

ADV Translations

«ADV Translations» аударма бюросы аударма қызметтерінің кең ауқымына баса назар аударады және өз клиенттеріне кешенді кәсіби лингвистикалық сүйемелдеуді ұсынады.

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Төле би көшесі 83,
«Амбассадор» БО

Phone: +7(727) 2292811

Mobile: +7(777)0128800

Web: ADV Translations аударма бюросы