Loading...
Қызметтер 2018-05-12T19:17:32+00:00

Аударма қызметтері

Біз өз аудармашыларымызға табысталатын материалдардың шұғылдығы мен толық құпиялылығын ескере отырып, әлемнің негізгі тілдерінен кез-келген тақырыптама бағытындағы кез-келген күрделі жазбаша аудармаларды орындай аламыз, сондай-ақ клиенттің қалауы бойынша кез-келген жерде ауызша аударма бойынша сүйемелдеуді ұйымдастыра аламыз.

Жазбаша аударма

«ADV Translations» аударма бюросы аударылатын материалдың күрделілігіне қарамастан кез-келген тақырыптамалық бағыттарда жазбаша аударма қызметтерін көрсетеді. «Жазбаша аударма» қызметтері қандай жағдайларда қажет етілуі мүмкін»:

  • Шетелдік компаниялармен, әріптестермен мәмілелер жасау, мұндай жағдайда терминология мен мағыналық мәнінің ерекше дәлдікпен сәйкес келуі қажет етіледі.

  • Бағдарламалық жасақтаманы, техникалық әдебиетті басқа тілдерге аудару.

  • Шетелге көшу рәсімдерін орындау барысында құжаттарды аудару.

Аудармаға тапсырыс беру

Ауызша аударма

«ADV Translations» аударма бюросы кез-келген тақырыптамадағы кез-келген күрделі іс-шаралар үшін ауызша аударма қызметтерін жүзеге асырады. Біз сізге келесі бағыттарда ауызша аударма бойынша маманның кәсіби қызметтерін ұсынуға дайынбыз:

  • Іскерлік кездесулер өткізу.

  • Көрмелер, симпозиумдар, семинарлар өткізу.

  • Іскерлік кездесулер үшін шетелдік қонақтар мен әріптестерді қабылдау.

«ADV Translations» мамандары тілдің жай-жақсарын түсінеді, сөздердің мағынасын дәлдікпен аударады және идиомаларды мұқият қадағалап отырады.

Аудармаға тапсырыс беру

Аударманы редакциялау және түзету

Егер сізге мәтіннің құрылымын жетілдіру, баяндау логикасын жаңадан дұрыс жасау, мәтінді бірыңғай стильге келтіру, материалды халықаралық стандарттармен сәйкестікке келтіру қажет болса, онда сіз аударманы корректор мен редактордың тексеруіне ұсынуыңыз керек. Біздің бюрода редакциялау және түзету дегеніміз:

  • Терминдер мен мәндерінің дұрыс аударылуын тексеру.

  • Аударма тақырыбы мен бағытының ескерілуімен аударманы сарапшылық бағалау.

  • Орфография мен пунктуацияны тексеру.

Өтінім беру

Нотариалдық куәландырумен аударма

Шет тіліндегі құжаттармен жұмыс жасаған кезде, я болмаса құжаттарды шетелге ұсыну қажет болған кезде аударманың дұрыстығына қатысты толық сенімділік болуы тиіс. Нотариалдық куәландырумен аудармалар келесілерді қамтиды:

  • Әлемнің көптеген тілдеріне аударылуымен, бастапқы мәтіннің дәлме-дәл берілуі.

  • Аударманы кәсіби беделі тұрақты нотариуста кейіннен куәландыру.

«ADV Translations» компаниясының дипломды аудармашылары кез-келген құжаттаманы аудару үшін қажетті білімді иемденеді.

Аудармаға тапсырыс беру

Құжаттарды заңдастыру және апостильдеу

Қазақстанда берілген құжаттардың заңды күші болуы үшін және оларды шетелде пайдалану мүмкіндігіне қол жеткізу үшін, келесі рәсімдердің бірінен өту керек:

  • Құжаттарды заңдастыру.

  • Құжаттарды апостильдеу.

Егер сізге құжаттарды (жеке немесе коммерциялық) заңдастыру қажет болса, біздің мамандардың кеңесіне жүгініңіз, олар сізге шет елдерге арналған құжаттарыңызды дайындаудың жай-жапсарын сауатты түрде түсіндіріп береді.

Өтінім беру

Сіз аударма бойынша өз тапсырмаңызды еш ойланбастан біздің компанияға келесідей себептермен сеніп тапсыра аласыз:

  • Біз 10 жылдан астам уақыт бойы клиенттерімізбен тығыз әрі сенімді қатынастар орната отырып бизнес-үдерістерімізді дамытып келеміз, сондықтан бізге риза болған клиенттер қажет болған кезде өзімізге қайта жүгінеді.
  • Біз аударылатын материалдарда барынша дәлдік пен сәйкестікке қол жеткізу үшін клиенттерден алынатын тапсырманың ерекшелігіне сәйкес, осы саладағы білімі мен ерекшеліктерін ескере отырып команда құрамыз.
  • Біз өзімідің тапсырыс берушімізден келесідей қосымша ақпаратты сұраймыз: құжаттарды рәсімдеуге қойылатын талаптар, материал қандай мақсатта, қай ел үшін қалыптастырылады. Бұл қойылған міндеттерге аударманың барынша сәйкес келуін және клиентімізге әрі қарай көмектесу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
  • Біз келесі салалар бойынша маманданамыз және аудармаларды ойдағыдай орындаймыз: экономика, бизнес және қаржы, техникалық және өнеркәсіптік салалар, заңи құжаттама мен терминология, медицина және заманауи бағдарламалық жасақтама.
  • Біз қызметтердің құнын әр клиент үшін әрбір тапсырма бойынша жеке-жеке бағалаймыз. Аудармалардың сапасы біздің жұмысымызға ғана емес, сонымен қатар қызметтердің тиімді бағасына риза болған клиенттеріміздің оң пікірлерімен расталады. Аударманың ең төмен құны 1500 теңгеден басталады.

Аудармалардың қолжетімді құны

Біздің артықшылықтарымыздың бірі аударма қызметтерінің қолжетімділігі және оны қалыптастырудағы ерекше тәсілдеме болып табылады. Мысалы: жазбаша аударманың құнын есептеу – статистика функциясы негізінде жүргізіледі. Бір стандартты бет бос орынсыз 1800 белгіні немесе 250 сөзді құрайды (клиенттің қалауы бойынша). Көптеген агенттіктер беттердің санағын бос орындармен бірге белгілердің саны бойынша жүргізеді, ал бұл стандартты беттің құнын 15%-ға ұлғайтады.

Біздің аударма қызметтеріміз сапаға бағдарланған, сондықтан біз клиенттеріміздің қайта келуін және олардың өз достары мен әріптестеріне «ADV Translations» компаниясының қызметтерін пайдалануға кеңес беруін жоғары бағалаймыз.

Аудармаға тапсырыс беруге дайынсыз ба?

Өтінім рәсімдеу

Қызметтердің құны

Біз қызметтердің құнын әр клиент үшін әрбір тапсырма бойынша жеке-жеке бағалаймыз. Аудармалардың сапасы біздің жұмысымызға ғана емес, сонымен қатар қызметтердің тиімді бағасына риза болған клиенттеріміздің оң пікірлерімен расталады. Аударманың ең төмен құны 1500 теңгеден басталады.

ADV Translations

«ADV Translations» аударма бюросы аударма қызметтерінің кең ауқымына баса назар аударады және өз клиенттеріне кешенді кәсіби лингвистикалық сүйемелдеуді ұсынады.

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Төле би көшесі 83,
«Амбассадор» БО

Phone: +7(727) 2292811

Mobile: +7(777)0128800

Web: ADV Translations аударма бюросы