
Жазбаша аударма – бүгінгі таңда жоғары сұранысқа ие болып отырған аударма қызметтерінің бірі.
Басым көпшілігінің жұмыс өтілі 10 жылдан астам уақытты құрайтын біздің тәжірибелі мамандарымыз сізге әлемнің көптеген тілдерінен – кеңінен тараған тілдерден бастап, сирек тілдерге дейін – аса қысқа мерзімде, стандарттар мен сапаның сақталуымен кәсіби аударма жасауға көмектеседі.
Біз жазбаша аударманы орындай отырып, өз ісіміздің бүкіл маңыздылығын және әрбір клиенттің алдындағы жауапкершілігімізді ұғынамыз, өйткені бірде-бір қате басылуға немесе ұсақ-түйек қателіктерге жол берілмеуі тиіс. Алматыда жазбаша аударма бойынша жұмыстар бірнеше кезеңмен жүзеге асырылады. Әрбір тапсырманы шешуге берілген бағыттың жай-жапсарын толығымен меңгерген мамандар ғана қатысады. Жазбаша аударманы ақтық тексеруді біздің редакторлар жүзеге асырады.

Жазбаша аударма қызметі қай кезде қажет болуы мүмкін:
Шетелдік компаниялармен, әріптестермен мәмілелер жасау, мұндай жағдайда терминология мен мағыналық мәнінің ерекше дәлдікпен сәйкес келуі қажет етіледі.
Бағдарламалық жасақтаманы, техникалық әдебиетті басқа тілдерге аудару.
Шетелге көшу рәсімдерін орындау барысында құжаттарды аудару.
Шетел әдебиетін аудару.

Сіз келесі бағыттар бойынша жазбаша аудармаға тапсырыс бере аласыз:
Техникалық құжаттаманы аудару.
Ғылыми әдебиетті, мақалаларды, баяндамаларды аудару.
Қаржылық және экономикалық құжаттаманы аудару.
Заңгерлік құжаттаманы аудару.
Публицистикалық аударма: жаңалықтар, БАҚ, жұрт алдында айтылатын сөздер, баяндамалар, сценарийлер және басқалары.
Медициналық материалдарды аудару.
Бағдарламалық жасақтаманы аудару, интернет-жобаларды, сайттарды аудару, мобильді қосымшаларды аудару.
Әртүрлі жанрлардағы көркем әдебиетті, мәтіндерді аудару.
Біз өз беделімізді жоғары бағалаймыз және көрсетілген жазбаша аударма қызметтері үшін жауапкершілік көтереміз, сондықтан біз материалды машиналық жолмен аударуға жол бермейміз, бұл – біздің аудармашыларымыз бен редакторларымыздың тәжірибелі және үйлесімді командасының жұмысы.
«ADV Translations» компаниясы жұмыстардың тиісті сапасы мен мерзімдерін сақтай отырып, орыс тілінен ағылшын тіліне және ағылшын тілінен орыс тіліне іскерлік-техникалық және заңи құжаттарды аударуға арналған өтінімдер бойынша жұмыстың орындалуын қамтамасыз етті. «ADV Translations» компаниясы тапсырыс берушінің талаптарын және жұмыстарды орындау мерзімдерін әрдайым сақтайды.
Аудармаға арналған өтінімдер тиісті жолмен және өз мерзімінде өңделеді. Өтінімдердің басым көпшілігі шұғыл болатынын ескеретін болсақ, компания қызметкерлерінің арқасында қызмет көрсету жоғары кәсіби деңгейде орындалады. Біз мамандары мен көпжылдық тәжірибесі бар «ADV Translations» компаниясын сенімді әріптес ретінде ұсына аламыз.
Біраз уақыт бұрын «ADV Translations» компаниясы біздің банктегі бірнеше бос жайғасымды толтырды — әкімшілеу, қаржы және АТ саласында. Жоғарыда аталған өтінімдер аса қысқа мерзімде және кәсіби деңгейде өңделді. Біздің банк «ADV Translations» компаниясымен ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті және оның рекрутинг саласындағы қызметтерін пайдалануға кеңес береді.
«Circle Maritime Invest» АҚ 2012 жылдан бері «ADV Translations» компаниясының аударма саласындағы қызметтерін пайдаланып келеді. Қызметтер техникалық, заңи, қаржылық, іскерлік құжаттаманы сан-алуан тілдерден аударуды қамтиды. Аударуға арналған өтінімдер тиісті жолмен және өз мерзімінде өңделеді. Агенттік қызметкерлері АҚ басшылығына, соның ішінде Директорлар кеңесіне арналған материалдардың тиісті жолмен дайындалуы мен аударылуын қамтамасыз етеді. Біз «ADV Translations» компаниясын сенімді әріптес ретінде ұсына аламыз.

Бізге сенім білдіреді
Біз жазбаша аударманы рәсімдеу барысында талаптар мен құжаттардың ерекшелігін ескере отырып, әрдайым тапсырыс берушіге қол ұшын созамыз. Қосымша ретінде, тапсырыс берушінің талап етуі бойынша жазбаша аударма барысында беттеуді орындай аламыз, сондай-ақ өзіміздің кәсіби жазбаша аудармамызды нотариалдық жолмен куәландыра аламыз.